Жоба туралы
Қазіргі уақытта көптеген қала адамдары барлық күші мен уақытын жұмысқа бөледі. Орташа, төмен деңгейлі жалақылы адамдар үнемі отбасылық шығындарын үйлестірудің жолдарын қарастырып жүреді. Сондай-ақ қосымша сабақтар мен дамыту шығындары тізімнің соңында тұрады.

Сондықтан әр аулада суретші, музыкант, ағаш шебері, тілші аталар мен әжелер бар. Олар сіздердің балаларыңызды оқыта алады. Оның қайтымы ретінде ол кісілерге дүкенге барып келу, терезесін жуу, бәліш пісіру, т.б. сияқты аз ғана көмек керек.
Біз аптада екі сағат бос уақытымызды ізгі іс үшін бөліп, өз өмірімізді жеңілдетіп, түрлендіре аламыз. Бірлесе жасалған іс-шаралар – көңілді эстафеталар, мерекелер аула адамдарын біріктіріп, көңілді қылады. Сонымен қатар ықшамаудандарда ортақ кеңістік болса нұр үстіне нұр.

Бұл ретте «Қалай көмектесуге болады?» немесе өз ауданыңызда осыған ұқсас ұйымды қалай жасауға болады деген ақпаратты келесі бөлімде оқи аласыз.
Made on
Tilda