Жоба туралы

Қазіргі уақытта көптеген қала адамдары барлық күші мен уақытын жұмысқа бөледі. Орташа, төмен деңгейлі жалақылы адамдар үнемі отбасылық шығындарын үйлестірудің жолдарын қарастырып жүреді. Сондай-ақ қосымша сабақтар мен дамыту шығындары тізімнің соңында тұрады.

Сондықтан әр аулада суретші, музыкант, ағаш шебері, тілші аталар мен әжелер бар. Олар сіздердің балаларыңызды оқыта алады. Оның қайтымы ретінде ол кісілерге дүкенге барып келу, терезесін жуу, бәліш пісіру, т.б. сияқты аз ғана көмек керек.

Біз аптада екі сағат бос уақытымызды ізгі іс үшін бөліп, өз өмірімізді жеңілдетіп, түрлендіре аламыз. Бірлесе жасалған іс-шаралар – көңілді эстафеталар, мерекелер аула адамдарын біріктіріп,  көңілді қылады. Сонымен қатар ықшамаудандарда ортақ кеңістік болса нұр үстіне нұр.

Қала, шағын аудан, аулаларға жоба жұмыстарын үйлестіретін басқарушылар (үйлестіруші,координатор) қажет. Олар, қатысушылар бойынша мəліметтер базасын жүргізетін, көмекке мұқтаж адамдарға, көмек көрсете алатын адамдармен байланыстыратын, шағын аудан мен аула тұрғындарын ұйымдастыратын, бірлесе отырып əр түрлі шараларды өткізетін болады. Егер, осындай жұмыстармен айналысам деушілер болса, бізбен хабарласыңыздар, біз өз тарапымыздан тəжірибемізбен бөлісуге дайнбыз.

Жоба тәжірибе алмасу немесе көмек көрсетуге ниеттілер мен көмекке мұқтаж адамдардың ортасын қалыптастыру үшін жасалды. Бұл ретте «Қалай көмектесуге болады?» немесе өз ауданыңызда осыған ұқсас ұйымды қалай жасауға болады деген ақпаратты келесі бөлімде оқи аласыз

Байланысты лауазымдар:

Тұрғын Үй кешенінің, WhatsApp-та көршілер чаты
1024 683 Vmirdobra

Тұрғын Үй кешенінің,  WhatsApp-та  көршілер  чаты– бұл бір-біріне көмектесудің  ең тамаша, ыңғайлы жолының бірі! «Асыл Тау» ТК «Мейірімді көршілер» атты чат, барлық ақпараттармен алмасу үшін, пайдаланылады.  Мысалы: қайда ем алуға, оқуға, жұмысқа орналасуға болатындығы жайлы…, немесе қай уақытта көмек қажет екендігі туралы…  Мысалы: қысқы киімге мұқтаж балаларға, үйлері жанып кеткен адамдарға көмектесу, тіпті  марғауды қайда орналастыру…

Атырау қаласындағы аналарға көмек қажет!
960 640 Vmirdobra

Атырау қаласындағы аналарға көмек қажет!  Көпбалалы, жалғыз басты аналарға, өздігінен қиындықтарды жеңу оңай емес, сіздерден жəрдем  сұраймыз! Көмек азық-түлік, памперс, балалардың киімдері ретінде қажет. Болат Қонырбаевқа тізім жібергені үшін көп рахмет! Динара Макеева, 6 детей 1 инвалид Тел. 8 778 171 7404 Адрес: с. Акжар ул. Акжайык, 38 _________________________________ Гулнур Касымова, 3 детей 1 инвалид…

Балаларға олардың өнімдерін сатуға көмектесейік!
720 960 Vmirdobra

Балаларға олардың өнімдерін сатуға көмектесейік! Бұл заттарды No2 мектеп-интернатының балалары жасады. Интернатта  БЦС (Балалар церебралды сал ауруы) 176 бала тұрады және 200 бала үйден білім алуда.  Бұл заттарды балалар еңбек сабағында жасайды. Олар өз өнімдерін сатып, орнына: бисер, киіз, мата және жіп алғысы келеді. Сұраныс пен ұсыныс әртүрлі адамдардан, сонымен қатар бір адамнан да болуы мүмкін.…

Көмекке мұқтаж мүгедек әйел
960 604 Vmirdobra

Көмекке мұқтаж мүгедек әйел Бір әйелдің тарихын айтқым келеді. «Ол 2 шағын ауданында тұрады. Бірнеше жыл бұрын ол кісі аяғын сындырып алған. Ол бірнеше операциямен,  өте ұзақ емдеу өткізді. Нәтижесінде қазір сол жақ аяғы 20 см қысқарып және үнемі аяқ ауырғаны жанына батады. Пәтердің ішінде арнайы медициналық жүргіштер арқылы қозғалады. Ол адам мүгедектікті алды. Бірақ…

Сізге қандай қызмет көрсете аламын, өзіңііз қандай көмек көрсете аласыз?
1024 853 Vmirdobra

Сізге қандай қызмет көрсете аламын, өзіңііз қандай көмек көрсете аласыз? Қандай қызметтерге жүгінуге болады және өзіңіз не ұсына аласыз дегенге, бірнеше мысал: Осы қысқа сауалнамалар негізінде, сұраныс пен ұсыныс үйлестірушімен ыңғайластырылады.Жалпы тәсіл – қызмет  қызмет арқылы өтеледі, немесе тегін көрсетіледі. Егер ақшалай төлем туралы мәселе туындаса, қатысушылар өздері келіседі. «Жақсы әлемде» қозғалысы қаржы құжаттарын  жүргізбейді..…

Ортақ кеңістік
900 600 Vmirdobra

Ортақ кеңістік     Көрші үйлерге ортақ шығармашылық бөлменің болуы – заман талабы. Жаңа үйлерде құрылыс компаниялары бір үйдің бірінші қабатынан 70-100 шаршы метр көлемінде қарапайым ғана бөлме қарастыра алады. Ал басқа үйлерге көрші ғимараттардан шығармашылық үшін бөлме табуға болады. Ортақ кеңістік жаздан тыс уақытта бірігіп іс-шаралар ұйымдастыру үшін ауадай қажет.

Ықшамауданның сайты
1024 683 Vmirdobra

Ықшамауданның сайты     Сайтты ықшамаудан еріктілері тарапынан жасалады. Бүгінде сайт ашу – жеңіл мәселе. Дайын сайт тауып өз сайтыңды соның негізінде жасауға болады. Бірақ онымен тек ғаламторы бар адамдар ғана қолдана алады. Бұл, әсіресе, егде адамдарға қиындық тудырады. Сайт ашылғаннан кейін де тұрғындарды бұл мәселе жайында ақпараттандырып отыру керек.

Аула немесе ықшамаудандағы іс-шара
1000 662 Vmirdobra

Аула немесе ықшамаудандағы іс-шара   Мұндай іс-шараларды түрлі форматтарда түрлендіріп өткізіп отыруға болады  Мысалы ауладағы құймақ мерекесі  Аспанға батпырауық ұшыру  Уйірмелер ұйымдастыру т.с.с.  Жарыс сыйлықтарына қаржы керек болған жағдайда қажетсіз деп танылған заттарды арзан бағамен сату арқылы табыс табуға болады.