Қозғалыс туралы

A

Міндеті

Көршілерді (аула, ықшамаудан) бірге жинап, бір-біріне көмектесуге мүмкіндік беру.

B

Кім үшін?

Көмекке мұқтаж немесе көмек беруге ниеттілер үшін. Сонымен қатар белсенділер, студенттер, аналар мен балалар, әкелер мен ата-әжелер үшін.

C

Қалай?

Сайтта берілген үлгіні толтыру арқылы көмек сұрауға немесе көмек беруге ниет білдіруге болады. Сонымен қатар көршілермен ортақ шаралар ұйымдастыру бойынша ақпарат алып немесе өз тәжірибеңізбен бөліссеңіз болады.

D

Нәтиже

Нәтижесінде адамдар мейірімді болып, бір біріне көмек беруге асығады. Барлық қала тұрғындары Қозғалыстың қатысушысы бола алады. Қала тұрғындарының бірлігі артады. Жобаны қоғамды біріктіремін деген мақсатты ұстанған кез келген адам жүзеге асыра алады.

Қала, шағын аудан, аулаларға жоба жұмыстарын үйлестіретін басқарушылар (үйлестіруші,координатор) қажет. Олар, қатысушылар бойынша мəліметтер базасын жүргізетін, көмекке мұқтаж адамдарға, көмек көрсете алатын адамдармен байланыстыратын, шағын аудан мен аула тұрғындарын ұйымдастыратын, бірлесе отырып əр түрлі шараларды өткізетін болады. Егер, осындай жұмыстармен айналысам деушілер болса, бізбен хабарласыңыздар, біз өз тарапымыздан тəжірибемізбен бөлісуге дайнбыз.

Қатысу

Егер, сізге немесе Сіздің жақындарыңызға көмек қажет болса, егер сізде біреуге көмектесе алатын мүмкіндігіңіз болса, сіз өтініш қалдыра аласыз, және де, мүмкін, сіздің көршілеріңіздің біреуі  сізге көмектесе алады; немесе оларға сіздің көмегіңіз қажет!

Мұндай адам табылған соң, біз Сізбен хабарласамыз! Егер сіздің ауданыңызда бірлескен іс-шараларды өткізуге байланысты тәжірибеңіз болса, немесе көршілер бір-біріне қалай көмектескені туралы көрген, білгеніңіз болса, сіз сол туралы осы жерде жаза аласыз.

СІЗДІҢ АТЫ-ЖӨНІҢІЗ *

СІЗДІҢ ПОШТАҢЫЗ *

СІЗДІҢ ҚАЛАҢЫЗ НЕМЕСЕ АУДАНЫҢЫЗ *

СІЗДІҢ ХАБАРЛАМАҢЫЗ

Бізге әлеуметтік желі арқылы қосыл!

Біздің әлеуметтік желідегі парақшамызға кіріп, жаңалықтардан хабардар болып, біз туралы достарыңыз да білу үшін бөлісіңіз! Біз қаншалықты көп адамдарды қатыстыра алсақ, соншалықты көршілерімізге тезірек көмектесе аламыз